Қытайда 32 елдің 300 басты дилерлері қатысқан GWM инвесторларының саммиті өтті.
Қытайда 32 елдің 300 басты дилерлері қатысқан GWM инвесторларының саммиті өтті. Кездесу тақырыбы: «Ұзақ мерзімді жоба. Әлеммен бірге алға басу».
Саммит GWM-нің жаһандық ашықтық пен ынтымақтастыққа бейілділігін көрсетті.
Концерн басшылығы мынадай тақырыптардың бетін ашты:
- GWM-нің зерттемелер мен әзірлемелер саласындағы жаһандық мүмкіндіктері
- компанияның жаһандық құрылымының өндіріс пен жеткізілім тұрғысынан артықшылықтары
- ️GWM Еуропалық зерттеулер мен әзірлемелер орталығының белсенді кеңеюі, сондай-ақ ақылды электр модельдерінің жаһандық іске қосылуы
- Еуропа, Орталық Азия, Латын Америкасы және Таяу Шығыста GWM ұзақ мерзімді нарықтық стратегияларын кеңейту
- өндіріс пен сату процесінде цифрлық трансформацияның, сондай-ақ GWM-нің цифрлық интеллектті дамыту бағытындағы жетістіктерінің маңыздылығы.
Саммит байланыстар мен жаңа перспективаларды нығайту тұрғысынан компанияның дамуындағы кезекті кезеңі болады.