HAVAL DARGO X — DARGO-НЫҢ ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН НҰСҚАСЫ
Қала көшелерінде өзіміз сияқты, ал жолсыз жерде әлдеқайда сенімді.
DARGO Х ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН НҰСҚАСЫ

DARGO Х ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН НҰСҚАСЫ

Көлемді радиатор торы мен экстерьер элементтерінің арнайы дизайны HAVAL DARGO X-ті көлік легінен ерекшелеп көрсетеді және оның жолсыз жерге арналған әлеуетін айшықтап тұрады. Жолсыз жерде НАVAL DARGO X автокөлігінің мүмкіндіктерін барынша ашуға артқы дифференциал бұғаттағышы көмектеседі. Оның арқасында көлік әлдеқайда көбірек жерге бара және биіктерге шыға алады. Үлкен тастар, тік беткейлер, омбы қар – ешқайсысы оған кедергі емес.

Экстерьердің арнайы жолсыз жерге арналған элементтері

Экстерьердің арнайы жолсыз жерге арналған элементтері

Артқы дифференциал бұғаттағышы

Артқы дифференциал бұғаттағышы

Жолсыз жердегі тұрақты жылдамдықты ұстап отыру жүйесі (Cruise Control Off-road)

Жолсыз жердегі тұрақты жылдамдықты ұстап отыру жүйесі (Cruise Control Off-road)

HAVAL DARGO ТҮСТЕРІ X

Металлик әсері бар шанақтың стильді түстері HAVAL DARGO көлігінің жарқын дизайнын айшықтап тұрады.

HAVAL DARGO-НЫҢ САЛОНЫНА КӨЗ ЖІБЕРІҢІЗ ЖАЙЛЫ ОРНАЛАСЫҢЫЗ
Панорамалы төбе

Панорамалы төбе

Панорамалы төбе салон ішінде қосымша кеңістік сезімін қамтамасыз етеді және оны табиғи жарықпен толтырады.

Екі аймақтық климат-контроль

Екі аймақтық климат-контроль

Екі аймақтық климат-контроль иондағышы бар ауа тазартқышпен толықтырылған.

Бірінші қатардағы желдетілетін орындықтар

Бірінші қатардағы желдетілетін орындықтар

Бүкіл күніңізді көлік тізгінінде өткізетін болсаңыз, орындықтардың желдеткіші мен жүргізуші орындығының массаж функциясы баға жетпес қосымша жайлылық сыйлайды.

Тесілген табиғи былғарымен қапталған орындықтар

Тесілген табиғи былғарымен қапталған орындықтар

HAVAL DARGO орындықтары тесіктері бар табиғи былғарыдан жасалған, ауа өткізетін материал жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Алдыңғы орындықтарды электржетекпен реттеу

Алдыңғы орындықтарды электржетекпен реттеу

Бел сүйенішін реттеуді қоса алғанда, жүргізуші орындығының 8 электрлі реттеу мүмкіндігі бар. Алдыңғы жолаушы орындығында да желдеткіш және 4 электрлі реттеу мүмкіндігі бар.

ЖАҒДАЙДЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАҢЫЗ
Apple CarPlay қолдауы бар 12,3” мультимедиа жүйесі

Apple CarPlay қолдауы бар 12,3” мультимедиа жүйесі

Мультимедиа жүйесінің көмегімен өз смартфоныңыздың функцияларын – навигацияны, музыка тыңдауға, подкасттарға және хабарлама алмасуға арналған қолданбаларды автокөлігіңізге толыққанды кіріктіре аласыз.

10,25” цифрлық аспаптар тақтасы

10,25” цифрлық аспаптар тақтасы

Аспаптар тақтасы қозғалыс жылдамдығын, қозғалтқыштың айналу жиілігін, отын қорын, жүрілген жолды – автокөлік жүргізу үшін қажеттінің бәрін көрсетеді. Тақта бірнеше режимде жұмыс істейді және сізге дәл қазіргі сәтте қажетті ақпаратты көруге мүмкіндік береді.

Проекциялау дисплейі

Проекциялау дисплейі

Проекциялау дисплейі көлік жүргізуден алаңдамауыңыз үшін ең маңызды деректерді алдыңғы әйнекке шығарады. Ол соңғы жол белгісін, жылдамдығыңызды, кіріс қоңырауын және автокөліктің қауіпсіздік жүйесінің ескертуін көрсетеді.

10 динамик

10 динамик

HAVAL DARGO аудиожүйесі 9 динамикті және сабвуферді қамти отырып, барлық жиіліктер спектрінде толыққанды дыбыс ауқымын береді.

Сымсыз зарядтау станциясы және USB ағытпалары

Сымсыз зарядтау станциясы және USB ағытпалары

Сымсыз зарядтау станциясы орталық консольдің астындағы қуыста орналасқан. Оған тіпті өлшемі үлкен смартфон да сыяды, жақтауы шұғыл маневр кезінде телефонның түсіп қалуына жол бермейді. USB порттары да бар — бірінші және екінші қатар орындарына арнап екі-екіден.

ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Жаңа қозғалтқыш

Жаңа қозғалтқыш

Көлемі 2,0 литрлік жаңа турбиналы қозғалтқыштың қуаты 192 аттың күшін құрайды және ол HAVAL DARGO жылдамдығын 1-ден 100 км/сағ-қа дейін 9 секундта үдете алады. Роботтандырылған 7 сатылы беріліс қорабы классикалық «автоматтың» жайлылығы мен акселератор педаліне жоғары жылдамдықпен жауап қатуды үйлестіреді.

Интеллектуалды толық жетек және 8 түрлі жүру режимі

Интеллектуалды толық жетек және 8 түрлі жүру режимі

4WD интеллектуалды толық жетек жүйесінде 8 түрлі жүру режимі қарастырылған: «эко», «спорт», «стандарт», «қар», «балшық», «құм», «шөп/қиыршық тас», «оқап». Жолды таңдаңыз және ең сәйкес келетін режиммен жүріңіз.

L.E.M.O.N. платформасы

L.E.M.O.N. платформасы

L.E.M.O.N. инновациялық платформасының құрылысы жеңілдетілген, соның арқасында автокөлік үздік жылдамдықты үдету динамикасына ие болды, отынды азырақ тұтынады және сонымен бірге жолаушылар қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

6 қауіпсіздік жастығы

6 қауіпсіздік жастығы

HAVAL DARGO жеті қауіпсіздік жастығымен – алдыңғы қатарға арналған алдыңғы және бүйірлік жастықтармен, сондай-ақ тұтастай салон бойымен қауіпсіздік қалқаларымен жабдықталған. Рульдің астында жүргізушінің тізелері мен балтырларын қорғайтын қосымша жастық орналасқан.

Айналаны 360° шолу камералары жүйесі

Айналаны 360° шолу камералары жүйесі

HAVAL DARGO көлігінің 5 камерасы мен 14 радары жүргізушіге автокөлік айналасындағы жағдайдың егжей-тегжейлі көрінісін береді. Камералардан алынған бейне үлкен мультимедиа дисплейінде бір кескінге біріктіріледі. Жүйе «мөлдір капот» режимінде жұмыс істей алады және автокөлік бамперінің астындағы жолдың бетін тікелей көруге мүмкіндік береді.

Техникалық сипаттамалар
НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАР
қозғалтқыш түрі бензин, отынды тікелей бүрку және турбоүрлеу жүйесі бар

Жетек түрі

4WD
Жұмыс көлемі, см3 1998 Беріліс қорабы 7 жылдамдықты, роботты, дымқыл қос ілінісу
Цилиндрлер саны 4, желіде 0-100 км/сағ үдеу уақыты, с <9,0
Максималды қуаты, а.к. / айн/мин 192 / 5600-6300 Максималды жылдамдық, км/сағ 180
Көбірек білу