«Haval Motor Kazakhstan» ЖШС, ҚР-дағы Haval маркасының эксклюзивті дистрибьюторы, келесі қалаларда дилерлік орталықтар ашу бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды ұсынады:

  • Шымкент (Өтінімдер 2024 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады)
  • Алматы (Өтінімдер 2024 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады)

Үміткерге қойылатын талаптар:

  • Автокөлік бизнесі саласында жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Тұрақты қаржылық жағдай;
  • Кәсіпқойлар командасының болуы;
  • Сауда залы, клиенттік және сервистік аймақ (3S) кіретін ғимараттың болуы;
  • Бренд стандарттарына сәйкес Haval дилерлік орталығын ұйымдастыруға инвестиция құюға дайын болу.

Дилер мәртебесін алуға өтінім беру үшін:
Үміткер сауалнамасын жүктеп алып, толтыру және мына мекенжайға жолдау қажет: s.zhuldas@haval-motor.kz

Бүгінгі таңда HAVAI дилерлік желісі ҚР-дың 19 қаласында бар және 22 ресми дилерді қамтиды.
Біздің мақсатымыз – ҚР-дың кез келген қаласында әрбір ниет білдірген адамның өзінің Haval автокөлігін ресми дилерден сатып алу және оған қызмет көрсету мүмкіндігі болуы тиіс.
ҚР-дағы Haval дилері өз қаласының, облысының аумағында ресми өкіл мәртебесіне ие және өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүргізеді:

  1. Sales – автокөліктерді сату.
  2. Service – автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу.
  3. Spare parts – қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды өткізу.