«Ақылмен» сатып ал: Қазақстан автоорталықтарындағы интеллектуал кроссоверлер

«Ақылмен» сатып ал: Қазақстан автоорталықтарындағы интеллектуал кроссоверлер

Гаогун өндірістік институты Қытайдың ең ақылды 10 көлігін жариялады. Бірінші орында қазақстандықтарға Haval брендімен танымал Great Wall Motor компаниясы тұр.

Нарықты алға жетелейтін нәрсе – бәсеке, ал ең күшті бәсеке Қытай көлік өндірісінде шығар? Қытай еліндегідей көлік өндіруші мен бренд саны дүниежүзінің ешбір елінде жоқ. Сондықтан тұтынушының назары мен әмиянына кім көбірек лайық екенін анықтау үшін тұрақты түрде қуатын өлшеу, бағалау, краш-тесттер мен рейтингтер өткізіліп тұрады.

Дегенмен осы күнгі жетістігімен ғана емес, сонымен бірге болашаққа дайындығы: экологиялық тазалығы, технологиялығы, инновациялығы бойынша да жарысады. Гаогун өндірістік институты жасаған Қытайдың ең ақылды көліктерінің жаңа рейтингінде бірінші орынды Great Wall Motor компаниясы алды. GWM басқа өндірушілерден зерттеу орталықтарының мүмкіндіктері, интеллектуал технологияларды ендіру көлемі және «ақылды» автокөліктердің нарықтағы үлесі сияқты параметрлері бойынша озып кетті. «Қытай автокөліктері» ақпараттық порталындағы әріптестер өз материалында атап өткендей, «ақылды» индексі – бәсекелестіктегі ең жаңа әрі ең қатал бағыт, өйткені автокөлік мультимедиалық көмекші, кеңесші әрі штурман болуы керек.

Great Wall Motor-дың танымал модельдерінің функцияларын қараған кезде бұл қатты байқалады. Мысалы, үздік жиынтықтағы Haval Jolion жол белгілерін тану жүйесімен жабдықталған, көзден тыс аймақтардағы жүріс кедергілерін тіркейді, толық жетекті аспадағы датчиктер жол жабынының сапасына талдау жасап, жайлы жүреді, айналаға мониторинг жүргізу жүйесі алда және қарсы келе жатқан көлікпен соқтығу қаупі туралы ескертеді, оған қоса бейімделгіш круиз-бақылау, жолақты қауіпсіз ауыстыру және автомат түрде тұраққа қою. «Шаршаған кезіңіздегі сақтық, бір минуттық зейінсіздіктен сақтандыру, нақты уақыт режимінде жол жағдайын бағалау … Жол жүргенде аз күйзеліп, көп рақат алуға болады! – деп сипаттады көліктің интеллектуалды жүйесін Haval Motor Kazakhstan директоры («Астана Моторс» еншілес компаниясы) Ақылбек Анарбаев.

Haval Jolion бағасы 11, 9 миллион теңгеден басталады! Ақылды Jolion-ның IQ-ын Haval дилерлік орталықтарында өзіңіз тексере аласыз: тест-драйвқа арналған көліктер – сыншысын, ал Great Wall Motor зауытынан шыққан жаңа көліктер иесін күтіп тұр!

Басқа жаңалықтар

Толығырақ

Толығырақ

Қытайда 32 елдің 300 басты дилерлері қатысқан GWM инвесторларының саммиті өтті.

Толығырақ

Haval CrystalAstana туған күніне орай сыйлықтар береді!

Толығырақ

Хабарландыру

Толығырақ

Haval M6: Отбасылық көкке шығу форматындағы тұсаукесер 200-ден астам қонақты таңғалдырды

Толығырақ