Үздік көлік презентациясы! GWM автоконцернінің бестселлері — Haval H6 Қазақстанға келіп қойды

Үздік көлік презентациясы! GWM автоконцернінің бестселлері — Haval H6 Қазақстанға келіп қойды

Mycar Almaty автоорталығында Great Wall Motor концернінің бестселлері Haval H6 моделінің асыға күткен презентациясы өтті. Танымал кроссоверді брендтің ресми дистрибьюторы – Haval Motor Kazakhstan ( «Астана Моторс»).

Haval H6 тұсаукесері мини-мюзикл форматында өтті. Great Wall Motor Eurasia маркетинг жөніндегі директоры Кэрол Тяннің айтуынша, таныстырудың мұндай ерекше форматы көлік туралы жан-жақты әрі қызық етіп сипаттап беруге көмектеседі.

«Әрине, техникалық параметрлер мен жүріс сипаттамалары – бұл болашақ көлік иесі ең бірінші кезекте назар аударатын жайт. Алайда біз автокөліктің мінезін, біздің дизайнерлеріміз модельді әзірлеген кезде оған салған эмоциялар мен стильді де көрсеткіміз келді. Сондықтан презентацияларымызға әрқашан жаңа форматтар іздейміз».

Сурет: Haval Motor Kazakhstan

Автокөліктің техникалық сипаттамалары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты кеш қонақтарына танымал автоблогер Тимур Мұстафаев айтып берді.

Өндіруші Haval H6 моделінің үшінші буынында оның сыртқы түріне де, техникалық жабдықталуына да атап айтарлықтай көп жаңарту енгізді.

H6 Haval-ның басты артықшылығы оның «құрылымында» – модель жоғары технологиялы L.E.M.O.N. модульдік платформасында жасалған. Бұл платформа – концерннің үздік технологиялары біріккен Great Wall Motor бірегей әзірлемесі. Айта кетсек, платформа халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды: NCAP және IIHS (Жол қауіпсіздігінің сақтандыру институты) рейтингісінде 5 жұлдыз; нәтижесінде 2022 жылдың наурыз айында Haval H6 моделінің өзі де ANCAP атты Көлік құралдарының қауіпсіздігі жөніндегі Аустралияның тәуелсіз рейтинг агенттігінен бес жұлдызға ие болды.

Сурет: Haval Motor Kazakhstan

Haval H6 моделіне BOSCH 9.3 белсенді қауіпсіздік пакеті және жүргізушінің «көмекшілері» жүйелерінің қомақты жинағы орнатылған: алты жүргізу сценарийі бар толық жетек жүйесі, жол белгілерін тану, «мөлдір капот» режимі бар айнала шолу жүйесі, интеллектуал круиз-контроль, автомат түрде шұғыл тежеу және соқтығысудан жалтару жүйелері, автомат түрде тұраққа қою және 50 метрге дейінгі жолды есте сақтайтын артқа жүру көмекшісі.

Салон интерьері – минималистік әрі жоғары технологиялы. Android Auto және Apple CarPlay қолдайтын медиажүйелерді, алдыңғы әйнекке проекциялайтын виртуал аспаптар тақтасын, сенсорлық басқару тақтасын және 8 динамигі мен кіріктірілген күшейткіші бар Digital Theater System аудиожүйесін айрықша атап өткен жөн.

Сурет: Haval Motor Kazakhstan

Панорамалы шатыры, 2 аймақтық климат-контролі және иондау жүйесі бар сәнді, кең әрі «байсалды» Haval H6 жиі отбасылық автокөлік ретінде көрсетіледі, бірақ оның кез келген аудиторияны тамсандыратыны сөзсіз!

Haval Motor Kazakhstan директоры Ақылбек Анарбаевтың айтуынша,

«GWM концернінің портфелінде Haval H6 – шетелдік нарықтарда ең көп сатылатын модель. Қытайдың өзінде ол 10 жылға жуық уақыт бойы SUV сегментінде сатылым үздігі және қатарынан 6 жыл бойы National Hero Vehicle номинациясын иеленіп келеді. Жаңа H6 буынының көшбасшы жайғасымын сақтап қалатыны анық. Қазақстандық әуесқой автомобильшілерге осы көлікті ұсына алатынымызға қуаныштымыз!».

Сурет: Haval Motor Kazakhstan

Қазақстанда Haval H6 турбиналанған 1,5 немесе 2,0 литрлік бензин қозғалтқышымен ұсынылған, қуаты – 150-204 а.к., жетегі – алдыңғы және толық. Автоорталықтарда үш жиынтықтама нұсқасының бірін таңдауға болады: Comfort, Premium және Tech Plus. Бағасы 12 990 000 теңгеден басталады.

Басқа жаңалықтар

Толығырақ

Толығырақ

Қытайда 32 елдің 300 басты дилерлері қатысқан GWM инвесторларының саммиті өтті.

Толығырақ

Haval CrystalAstana туған күніне орай сыйлықтар береді!

Толығырақ

Хабарландыру

Толығырақ

Haval M6: Отбасылық көкке шығу форматындағы тұсаукесер 200-ден астам қонақты таңғалдырды

Толығырақ