Haval Jolion көлігінің қатаң ANCAP краш-тестінен өтуі.

Haval Jolion көлігінің қатаң ANCAP краш-тестінен өтуі.

Аустралиялық ANCAP стандарты жаңа автокөліктердің қауіпсіздігін бағалаудың краш-тестілер мен жаңа көліктегі күрделі аймақтарды анықтауға маманданған беделді бағдарламасы болып саналады.

Haval Jolion краш-тестіден өтті, оның қорытындысы бойынша ол ең жоғары баға – бес жұлдыз алды. Стандарт 4 санатты қамтиды: ересек жолаушылардың қауіпсіздігі, жолаушы-балалардың қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі және белсенді қауіпсіздік.

Ересек жолаушылардың қауіпсіздігі нәтижелері бойынша мынадай мықты тұстар анықталды: толық жабынмен алдыңғы жақтан соқтығысу (8 ұпайдың 7,34 ұпайы), бағанаға бүйірмен соғылу (6 ұпайдың 6 ұпайы), алыс бүйірлік соққы (4 ұпайдың 3,81 ұпайы), алдыңғы немесе артқы соқтығысу кезінде мойын жарақатын алудан қорғау (3 ұпайдың 2,98 ұпайы және 1 ұпайдың 0,75 ұпайы), сондай-ақ құтқару және эвакуациялау (2 ұпайдың 2 ұпайы). Жалпы алғанда Haval Jolion осы санаттағы сынақтарды 90%-ға еңсеріп шығып, бес жұлдыз бағасын алды.

Жолаушы-балалардың қауіпсіздігі де бес жұлдызға бағаланды. Ең сенімді тұстар: бүйірлік соқтығысу (8 ұпайдың 8 ұпайы) және бала орындығын бекіту сенімділігі.

Jolion жаяу жүргіншілерді, велосипедшілерді жақсы анықтайды және олар үшін бес жұлдызға қауіпсіз, бірақ жоғары баға алуға минималды шекте ұпай жинады.

Haval Jolion белсенді қауіпсіздік функциясының тестілерінде өзін керемет көрсетті, мұнда ол 92% жинап, нақты бес алды. Жолақта ұстау, қауіпсіздік белбеуін тағу қажеттілігі туралы еске салу, жол қиылысында көмек көрсету және жолаушылардың күйіне мониторинг жүргізу – осы жүйелер үшін автокөлік ең жоғары баға алды.

Брендтің ең өзекті жаңалықтары біздің ресми парақшаларымызда келтірілген

Instagram - https://www.instagram.com/haval_motor_kazakhstan/
Facebook - https://www.facebook.com/Haval.Motor.Kazakhstan

 

Басқа жаңалықтар

Толығырақ

Толығырақ

Қытайда 32 елдің 300 басты дилерлері қатысқан GWM инвесторларының саммиті өтті.

Толығырақ

Haval CrystalAstana туған күніне орай сыйлықтар береді!

Толығырақ

Хабарландыру

Толығырақ

Haval M6: Отбасылық көкке шығу форматындағы тұсаукесер 200-ден астам қонақты таңғалдырды

Толығырақ