Еуропа нарығына шығу үшін Great Wall Motor компаниясының тағы бір қадамы.

Еуропа нарығына шығу үшін Great Wall Motor компаниясының тағы бір қадамы.

Аса ірі Paris Motor Show автосалонына ORA электрмобильдері мен WEY гибридті модельдері қатысты. ORA автокөліктерінің Еуропаға жеткізілімдері 2022 жылдың күзінде басталады.

17 қазанда GWM суббрендтері – ORA және WEY Парижде халықаралық автосалонда дүйім жұрттың назарына ұсынылды. ORA электрмобильдердің үшеуін бірден – Funky Cat, Funky Cat GT және The Next Ora Cat, ал WEY қосылып-ажыратылатын гибриді бар екі моделін – WEY Coffee 01 және WEY Coffee 02 көрсетті.

GWM Europe Президенті Генри Мэн (Henry Meng) сөйлеген сөзінде: «Париж автосалоны GWM концернін және өнімдерімізді Еуропаға, сондай-ақ бүкіл әлемге таныстырудың тамаша мүмкіндігі болып табылады. WEY және ORA — Еуропа нарығына шығып отырған GWM концернінің алғашқы екі бренді», – деп атап өтті.

Еуропа нарығына шығу – GWM концернінің жаңа энергетикалық стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған кең қадам. «Біз клиенттеріміз үшін анағұрлым таза және тұрақты болашақ жасап беруге ұмтыламыз. 2023 жылы GWM көміртегін сыртқы ортаға бөлу деңгейі нөлге тең тұңғыш зауыттың құрылысын аяқтайды. 2025 жылы GWM концернінің бес бренді әлемдік нарыққа жаңа энергияға негізделген жалпы саны 50-ден аса жаңа модельдер шығарады», — деп жалғастырды Генри Мэн.

WEY премиум кроссоверлері Париж автосалонында: технологиялар мен жайлылықтың үйлестігін паш ету.

WEY бренді салон қонақтарына арнап премиум сыныпты технологияға толы екі кроссоверін – WEY Coffee 01 және WEY Coffee 02 дайындап қойды.

WEY Coffee 01 – премиумдық кроссовер, ал оның қосылып-ажыратылатын гибридті жетегі брендтің флагманы болып табылады. Автокөлік «ақылды жүргізу», «ақылды кокпит» және «ақылды құрылғы» технологияларымен жабдықталған, олар WEY брендінің интеллектуалды модельдердің жаңа буынын жасап шығарудағы артықшылығын қамтамасыз етеді және ең жоғарғы еуропалық стандарттарға сәйкес келеді.

Coffee Intelligence интеллектуалды платформасының және гибридті технологиясының базасында құрастырылған DHT арқасында модель электр жетектегі көп жүріс қорымен (146 км) және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді – автокөлік 0 км/сағ-тан 100 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықты 5 секундта үдетеді, максималды жылдамдық 235 км/сағ-қа жетеді. 2 литрлік турбиналы қозғалтқыштың арқасында жүріс қоры 800 км-ге жетеді.

Технологияға толы WEY Coffee 02 моделі де WEY Coffee 01 секілді бүкіл жанұяға жайлы сапарларды қамтамасыз етеді. Модель 360 градустық төрт айнала шолу камерасымен, интеллектуалды көмекшілермен және 14,6 дюймдік мультимедиалық сенсорлы экранымен ерекшеленеді. Модель 2WD және 4WD нұсқаларында ұсынылады және 2023 жылдың алғашқы жартысында сатып алуға қолжетімді болады.

Сырбаз ORA Париж автосалонында.

ORA бренді Парижде бірден үш моделін көрсетті. ORA Funky Cat – бұл шытырман оқиғаларға дайын футуристік электрмобиль: батареясының толық заряды 310 км-ге жетеді. Модель интеллектуалды көмекші жүйелермен жабдықталған, соның ішінде бейімделетін круиз-контроль, артқы жақтан соқтығысудың алдын алу және 360о камерасымен көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі бар.

«Зарядталған» автокөліктерді жақсы көретіндерге бренд ORA Funky Cat GT моделін дайындады. Оның спорттық мінезі үшкірлеу келген тұмсығымен, алдыңғы және артқы бамперлеріндегі әдеттен тыс қыстырмаларымен, желдету торларының ерекше дизайнымен, рульдің арнайы нұсқасымен айшықталып көрсетілген, мұның бәрі белсенді әрі динамикалық қозғалысты жақсы көретіндерді бейжай қалдырмайды.

Сонымен бірге автосалонда технологиялы және жайлы The Next ORA Cat моделі де таныстырылды. Сырбаз стиль интерьердің жатық сызықтарымен айшықталған, ал жақтаулары жоқ есік әйнектері мен 19 дюймдік дискілер автокөліктің эстетикалық экстерьерін толықтырып тұр. Базалық жинақтамасының өзінде The Next ORA Cat толық жетекпен жабдықталған. 0 км/сағ-тан 100 км/сағ-қа дейін жылдамдықты үдетуге 680 Нм-ді құрайтын максималды айналдыру моментімен 4,3 секунд қажет.

2022 жылдың күзінде ORA алғашқы ORA Funky Cat автокөліктерінің Германияға жеткізілімін қолға алады. Біртіндеп басқан қадамдарымен GWM өзінің Еуропа елдеріндегі, сондай-ақ Израильдегі қамту географиясын кеңейтетін болады.

GWM ең жоғарғы қауіпсіздік стандарттарын сақтайды: интеллектуалды сипаттамаларының арқасында WEY Coffee 01 және ORA FUNKY CAT 2022 жылы қыркүйек айында Euro NCAP рейтингісінде ең жоғарғы 5 жұлдызға ие болды.

 

Басқа жаңалықтар

Толығырақ

Толығырақ

Қытайда 32 елдің 300 басты дилерлері қатысқан GWM инвесторларының саммиті өтті.

Толығырақ

Haval CrystalAstana туған күніне орай сыйлықтар береді!

Толығырақ

Хабарландыру

Толығырақ

Haval M6: Отбасылық көкке шығу форматындағы тұсаукесер 200-ден астам қонақты таңғалдырды

Толығырақ